09 Ақп 2024
Страницы Коммунальное государственное учреждение «Павловская общеобразовательная школа отдела образования Карасуского района» Управления образования акимата Костанайской области

Мемлекеттік қызметтер

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Каоасу ауданының білім беру бөлімінің Павлов жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Д.К.Салькенов «2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары туралы»,

2024 жылғы қаңтар

Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Павлов жалпы білім беретін мектебі КММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2023 жылдың 12 айында 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 45 электрондық форматта және 6 қағаз нысанында (педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру). Мемлекеттік қызметтерді мектептің 5 қызметкері көрсетеді.- көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны тікелей ЖАО-51:

- Мемкорпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 0;

- www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы (ЭҮП) - 0);

- электрондық лицензиялау порталы арқылы www.elicense.kz- 0 қызмет (0%);

- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы («SAKURA» АЖ, «INDIGO» АЖ, ҚМИС, ҚР БҒМ АЖО, MINDAL) - 45 мемлекеттік қызмет (88,23%).

Ай сайын Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат жарияланады, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен және мектеп педагогтарымен мемлекеттік қызмет көрсету және олардың стандарттары бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ата-аналар қоғамымен 5 жалпы мектеп жиналысы өткізіліп, онда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшілігі «Е-өтініш» АЖ тұрақты мониторинг жүргізеді.  Мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Ағымдағы жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны 12 іс-шараны құрады. Ағымдағы жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен халықты қамту - 245 адам.

Мектеп директоры 2023 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру бойынша құқықтық білім мектебінің мәселелері енгізілген 2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар тізбесінде сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша басшының жанындағы кеңестерді өткізу бойынша тармақтар бар. Жоспарлар толығымен жүзеге асырылды, барлық мәселелер қаралды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін мектеп жайлары бейімделген. Пандустар, қызмет көрсету аймақтары, шақыру түймелері, Брайль қарпі бар маңдайшалар, тұрақ орындары бар.

Ай сайын «Павлов жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру саласының қызметтерін электрондық түрде алу мүмкіндіктері, оның ішінде құжаттарды ұсыну мерзімдері, әлеуметтік желілерде ақпаратты орналастыру арқылы Стандарттарда көзделген қажетті құжаттардың тізбесі туралы халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті ақпарат орналастырылған халық үшін қолжетімді орындарда стенділер бар. Білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған. Білім беру ұйымдарының сайттарында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың телефон нөмірлері мен жұмыс кестесі орналастырылған. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету кестесі мен тәртібін сақтайды.

«Павлов жалпы білім беретін мектебі» КММ көрсететін мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жоқ.

2023 жыл кезеңінде біліктілікті арттыру курстарынан мектептің 1 қызметкері (2022 жылы 1 адам) өтті.

«Павлов жалпы білім беретін мектебі» КММ- нің жауапты мамандары есептік мәліметтерді ақпараттық жүйелерден өз бетінше жүктейді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар